Сіздің медсақтандыруға қосқан үлесіңіз сізге ғана емес, сондай-ақ, сіздің қарт ата-анаңыз бен кішкентай балалардың, көрші тұратын жалғызбасты атаның, ДЦП диагнозы қойылған баласының сырқатымен жалғыз өзі күресіп жүрген ананың, үлкен отбасын аз ғана жалақымен асырап отырған әріптесіңіздің денсаулығын тұрақты түрде тексеріп тұруға мүмкіндік береді. Сіз олармен туыстық қарым-қатынаста болмасаңыз да, медициналық сақтандыру жүйесі аясында көмек қолын соза аласыз.
2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарна қазақстандықтардың жеке табысынан түседі. Бұл ақша бүкіл ел бойынша мыңдаған науқасқа тегін диагностика мен лайықты ем алуға көмектеседі.
МӘМС – науқасқа жиналған қайырымдылық емес. Бұл миллиондарды емдеуге мүмкіндік беретін ортақ жүйе.
#МСҚ #МӘМС #ОСМС #медицина #ФСМС #Казахстан #медицинскоестрахование #взносы #отчисления #ЕСП #сақтандыру