Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілермен кездесуін және "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ азаматтарды қабылдауын өткізу туралы"
Қазақстанда Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұлттық ғылыми практикалық орталығы құрылады
2017 жылы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұлттық ғылыми практикалық орталығы (әрі қарай - МСАК) құрылады. Ол республикадағы барлық МСАК ұйымдарының қызметін үйлестіретін болады. Бұл туралы бүгін «Біріктірілген МСАК-тың инновациялық тәсілдері: Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы пилоттық жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру тәжірибесі» атты Алматыда өткен Халықаралық конференцияда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында дизентериямен сырқаттану көрсеткіші 15 еседен астам азайды
Соңғы 25 жылда Қазақстанда дезинтериямен сырқаттану көрсеткіші 1991 жылғы 18 мың 234 жағдайдан (балалар арасында 10 мың 414 жағдай) 2015 жылы 1181 жағдайға (балалар арасында 788 жағдай), яғни 15,4 есеге төмендеді.
Сенат Қазақстандағы медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгерту туралы заң жобасын қабылдады
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын бірінші және екінші оқылымда қабылдады.