«Если я заболею, к врачам обращаться не стану»
Қазақстандықтардың бір бөлігі ақылы клиниканың қызметін тұтынсаңыз немесе мүлдем ауырмасаңыз, МӘМС-ке шығындалудың қажеті жоқ деп санайды. Алайда, қазақстандық медициналық сақтандыру – ортақ жүйе екенін түсіну керек.
Медициналық сақтандыру үшін төлем жасамауға бола ма?
Медициналық сақтандырусыз отырғанша, медициналық сақтандыруға төлем аударған әлдеқайда тиімді. 2020 жылы 100 000 теңге көлеміндегі еңбекақыдан медсақтандыру үшін алынатын төлем көлемі 1000 теңге, жұмыс беруші бөлетін жарна көлемі – 2000 теңге болады. Жекеменшік медициналық орталықта профильді маманнан тексерілудің орташа құны 8000 теңгені құраса, толық тексерістен өту 20000 теңгеден басталады. Бұл бірреттік қабылдауға кететін шығын. Егер жүрекке ота жасау қажеттілігі туындаса, шығын көлемі миллионға тартады.
Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қоспақ - 1406.
Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қоспақ - 1406.
1 қыркүйектен бастап 1406 нөмірі бойынша медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.
Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Келешекте call-орталық сақтандыру медицинасына жарналар мен аударымдар бойынша берешектің болуы жөнінде мәлімет бере бастайды.